Түрлі елдердегі марафон көрсеткіштері
Егер сіз бүкіл әлемдегі марафон трендтері туралы білгіңіз келсе, қызықты әрі терең мазмұнды деректер келтірілген сайт бар екенін есіңізге саламыз. Мәселен, өзінің танымалдылығына қарамастан Еуропада марафон әлемнің өзге елдеріне қарағанда баяу дамуда екені біз үшін жаңалық болды. Азия, бір жағынан алып қарағанда – тез дамып келе жатқан Қытай мен Үндістан өз үлестерін көптеп қосуда.
Тағы бір қызығы, әйелдердің көптеп қатысуы бүкіл әлемдегі шешуші фактор болып отыр. Ең жылдам ел қайсысы? Мәренің орташа уақыты бойынша 03:55:35 с 2009 - 2014 жылдары, Испания ең жылдам марафон-ұлт болып саналады. Тізімдегі екінші тұрған ел Португалия (3:59:04) және үшіншісі Люксембург (04.00.46).
#oneinamillion
Лондон марафоны марафондар тарихының жаңа парақшаларын толтырумен келеді. 24 сәуір 2016 жылы бір миллионыншы мәреші әлемге әйгілі Finish Line On The Mall мәре сызығын кесіп өтті. Лондон марафонын ұйымдастырушылар бұл шараны тамаша атап өтті - #oneinamillion кампаниясын құрды. Кампания алғашқы 1981 жылғы Лондон марафонынан бастап 42.2k аяқтаған лондондық марафон аясындағы барлық желаяқтарды жинады, Лондон марафоны әлемдегі қайырымдылық қаражатын жинаушы ең ірі іс-шара болып табылады, оның қатысушылары 1981 жылдан бері 700 миллионнан астам фунт стерлинг жинады.
Фастфуд жеген жөн бе?
Сіз білесіз бе, қалыпты мөлшердегі шоколадты жегеннен соң калорияны жою үшін қанша жүгіру керек? Немесе үлкен пиццаның төрттен бірі бір сағат және 23 минут жаяу серуенді білдіретінін ше? Ұлыбританияда белгілі бір идея бар, ол Ұлыбритания халқының арасындағы семіздікті жоюға бағытталған. Тамақ өнімдерінде калорияны жою үшін қанша жаттығу қажет екенін білдіретін ақпарат жазылады. Бұл идеяны қоғамдық денсаулық сақтау Корольдік қоғамының атқарушы директоры Шерли Крамер қолдайды. Крамер ханым былай дейді: "Мақсат – адамдардың өз энергияларына сақтықпен қарауы және калорияның олардың күнделікті өмірімен байланысы қандай екеніне назар аударту.”
Марафоншы Тим Пик космоста
Біздің кейбіреулеріміз үшін, қарапайым адамдарға 26,2 миль (42k) жүгіру соншалықты оңай шаруа емес. Ал бұны космостық кеңістікте жасау - идея, адамның миына кіруі қиын. Тим Пик, Ұлыбританияның алғашқы ресми космонавты, барлық рекордтарды бұзып, 24 сәуір күні Халықаралық Космос Станциясында марафон жүгірісін жасамақ болып шешті. Бұл күні Лондон әлемдегі атақты марафоншыларды қабылдап жатқан болатын. Тим салмақсыздық жағдайында толық марафондық арақашықтықты аяқтады. Лондондық марафонның негізін қалаушы Крис Брaшердің сәуегейлігі қарапайым: "Сіз адам расасының қуанышқа толы бір жанұя бола алатынына, бірге жұмыс істеп, бірге күліп, мүмкін емес нәрсеге қол жеткізе алатынына сенуіңіз қажет ". Барлық жағдайды назарға ала отырып, бұл цитатаның өте орынды айтылғанына көз жеткіземіз. Тим Жер бетінен 400 км биіктікте бола отырып, мүмкін еместей болған нәрсеге қол жеткізді. Алдымен ойға келген нәрсе, бұл биіктік диаграммасы қандай болмақ деген сауал болды. Егер сіз білмесеңіз - Тимнің миссиясы Қазақстандағы Байқоңыр космодромынан басталды (Астанадан 20,7 марафон). Жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз! Кеттік!
Қандай жүгіру жолының қосымшасын пайдаланған жөн?
Мобильді телефон қосымшалары бүгінгі күні кеңінен қолданылады және біздің өміріміздің барлық аспектілерінде көмек береді. Фитнес пен жүгіру де бұдан тыс қалған емес. Қандай қосымша ыңғайлы, тиімді және танымал деген мәселе туындаған кезде біз Wired Magazine даналығына ден қойдық. Apple және Android телефондарының төрт танымал қосымшасын сынақтан өткіздік. Рейтинг шкаласы 1-10. Runtastic жүгіру қосымшасының жаңа мүшесі бола тұра, мақалаға енген жоқ. Мақаланың толық мәтінін оқыңыздар. Astana42k дайындығы кезінде сіз қандай қосымшаларды қолданасыз?