Astana 42k

One Steppe Beyond

The Astana marathon is an annual sporting event in the heart of Eurasia.

АСТАНА МАРАФОН ТУРАЛЫ 

 
 

Оқиға 2008 жылдың 12 қазанында басталды. Гаухар Брамлей-Фентон (Астана Марафон директоры) Лондон корольдік саябақтарындағы жартылай марафонға қатысқан Эйр Астананың желаяқтарын қолдауға келді. Команда әбден шаршатқан 13,1 милді артқа тастап келген кезде, оларды Гаухар мен Сәуле Құдайбергенова (Аджип КСО бұрынғы қызметкері) қарсы алды. Астана Марафонын ұйымдастыру идеясы Гайд саябағының көк шөбі үстінде әңгімелесіп отырған кезде туды. Сол жылы тас-түйін боп ұйымдасқан, өзіне сенімді топ Қазақстанның Бас қаласы Астана өзінің жыл сайынғы марфонын өткізуге әбден лайық деген бір ғана шешіммен құрылды. 

Ғани Тоқсанбаев, Гаухар Брамлей-Фентон, Сәуле Құдайбергенова

Ғани Тоқсанбаев, Гаухар Брамлей-Фентон, Сәуле Құдайбергенова

Гаухар, Сәуле, Жанар Жайлауова (Эйр Астана) және Ғани Тоқсанбаев (Қазақстандағы Кредит Суисстің бұрынғы вице-президенті) батыл сеніммен дайындықты бастап кетті. 2009 жылдың 26 қыркүйегінде Астанадағы алғашқы қайырымдылық марафоны тамаша ауа-райымен ұштасып, СОС Балалар деревнясы мен Астанадағы Балалар үйі үшін 972,994.00 теңге жинады. 11 жыл бойы Гаухар Астана қайырымдылық жарыстарын ұйымдастырумен және өткізумен айналысты, 2012 жылдан бастап 10 к. Алматыда, 2013 жылдан бастап Лондонда қосты. 2012 жылдың 22 қыркүйегінде бірінші елордалық жартылай марафон өтті.

2015 жылғы 13 қыркүйек Астана тарихындағы ең айтулы күн болды - Қазақстан астанасында осы қаладағы жыл сайынғы қайырымдылық марафонының негізін қалаушы және ұдайы ұйымдастырушысы Гаухар Брамлей-Фентонның жетекшілігімен ең алғашқы 42.2k жаяу жарысы болып өтті. 

2009 жылдан бері жалпы алғанда түрлі қазақстандық қайырымдылық ұйымдары үшін барлығы 39,425,458.00 теңге қаражат жиналды. 

Астана Марафон нақтылы төрт мақсатты көздейді: 

1. Астана Марафонды Қазақстан азаматтарының барлық алты Marathon Majors-қа (Бостон, Чикаго, Нью-Йорк, Токио, Берлин және Лондон) қатысулары үшін мәре алаңы ретінде пайдалану және олардың есімдерінің Даңқ Залы жазылып қалуына мұрындық болу.

2. қайырымдылық ұйымдарын қолдау және олардың қызметіне қажетті қаржыны жинау. Бұдан басқа, 2016 жылдан бастап One Steppe Beyond (Шексіздіке қадам) атты өзіндік қайырымдылық жобасы үшін қаржы жинау. Жоба Қазақстанның ауылдық мекендері мен ауылдарында көпшіліктің жаяу жарысқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға, бұл үшін жыл бойы қысқа арақашықтықта жүгіруді, әсіресе, жастар арасында, өткізуге бағытталған. 

3. Қазақстан Республикасы спорт шеберлігіне кандидат болудың талаптары мен нормативтеріне сай келетін қазақстандық желаяқтардың жетістіктері танылуы үшін тиісті мемлекеттік органдар мен Astana Marathon арасында байланыс орнату. (қол жеткізілген мақсат)

4. іс-шараны жетілдіре түсу және Астана қаласы мен елдің мәртебесін асыру, жаһандық дәрежеде танымал ету. 

Байланыс:

Имэйл: info@astana42k .com 

 

 

Copyright © 2023 TOO Astana Marathon Events. All rights reserved