Astana 42k

One Steppe Beyond

The Astana marathon is an annual sporting event in the heart of Eurasia.

Фастфуд жеген жөн бе?

Сіз білесіз бе, қалыпты мөлшердегі шоколадты жегеннен соң калорияны жою үшін қанша жүгіру керек? Немесе үлкен пиццаның төрттен бірі бір сағат және 23 минут жаяу серуенді білдіретінін ше? Ұлыбританияда белгілі бір идея бар, ол Ұлыбритания халқының арасындағы семіздікті жоюға бағытталған. Тамақ өнімдерінде калорияны жою үшін қанша жаттығу қажет екенін білдіретін ақпарат жазылады. Бұл идеяны қоғамдық денсаулық сақтау Корольдік қоғамының атқарушы директоры Шерли Крамер  қолдайды.  Крамер  ханым былай дейді: "Мақсат – адамдардың өз энергияларына сақтықпен қарауы және калорияның олардың күнделікті өмірімен байланысы қандай екеніне назар аударту.”

The Sun

Copyright © 2018 One Steppe Ahead ltd. All rights reserved